Басқару топтарының құрылымын автоматты түрде жасау

Kaspersky Security Center бағдарламасы топтар құрылымын жасау шеберінің көмегімен басқару топтарының құрылымын автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шебер келесі деректер негізінде басқару топтарының құрылымын жасайды:

Мәтіндік файлды қалыптастыру кезінде келесі ережелерді ұстану керек:

Шебердің көмегімен басқару топтарының құрылымын құру кезінде желінің бүтіндігі бұзылмайды: жаңа топтар қолданыстағы топтарды алмастырмайды, тек қосылады. Клиент құрылғысы басқару тобының құрамына қайтадан қосыла алмайды, себебі құрылғыны басқару тобына көшіру кезінде ол Тағайындалмаған құрылғылар тобына жойылады.

Басқару топтарының құрылымын құру кезінде құрылғы қандай да бір себептермен Тағайындалмаған құрылғылар тобының құрамына қосылмай қалған (өшірілген, желіден ажыратылған) болса, ол басқару тобына автоматты түрде көшірілмейді. Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, құрылғыларды басқару топтарына қолмен қоса аласыз.

Басқару топтарының құрылымын автоматты түрде жасауды іске қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Басқарылатын құрылғылар қалтасын таңдаңыз.
  2. Басқарылатын құрылғылар қалтасының мәнмәтіндік мәзірінде Барлық тапсырмаларЖаңа топ құрылымы тармағын таңдаңыз.

Нәтижесінде, басқару топтарының құрылымын жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Басына оралу